< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

Ст. 915 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
915-бап. Тендер

1. Тендер нысанындағы саудаластық кезiнде оның бастамашысы (ұйымдастырушы) өзi ұсынған бастапқы шарттардың негізiнде тендер бастамашысы үшiн шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға (сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердiгер, жалға берушi, жалға алушы және т.б. ретiнде) мiндеттенедi.  

2. Тендерге қатысушылар, тендер шарттарында белгiленген мерзiмнiң шегiнде, тендер бастамашысына немесе оның ұйымдастырушысына тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жiбередi. Тендердiң шарттарында ұсыныстарды желiмделген конверттермен және девиздермен жiберу көзделуi мүмкiн.  

Ұсыныстарды беру мерзiмдерiн бұзу, егер оның бастамашысы мерзiмiн өткiзiп алған тұлғаның тендерге қатысуға жiберiлгенi туралы жазбаша түрде хабарламаса, мерзiмiн өткiзiп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады.  

3. Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңiмпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жабық немесе тендердiң шарттары бойынша ашық тәртiппен жүргiзедi.  

4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердiң талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендердi өткiзiлмеген деп тануы мүмкiн. 

5. Тендердiң жеңiмпазы мен оның бастамашысы тиiстi шарт жасасады. Тендердiң бастамашысы жеңiмпазбен тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендердiң жеңiмпазы оған келтiрiлген залалдарды өтетiп алуға құқылы.  

6. Тендердiң шарттарында тендерге әрбiр қатысушының тендер қорытындылары шығарылғаннан кейiн қатысушыларға қайтарылатын кепiлдiк жарна енгiзiлуi көзделуi мүмкiн. Егер тендерге қатысушы тендердiң мерзiмi өткенге дейiн өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепiлдiк жарна қайтарылмайды.  

Жеңiмпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасасудан бас тартса, кепiлдiк жарна жеңімпазға қайтарылмайды. 

Ескерту. 915-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 406 ...913 914 915 916 917 ...1124
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?



8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная






Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться