< ҚР Азаматтық процестік кодексі

Ст. 130 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
130-бап. Соттың шақыру қағаздарын немесе өзге де хабарлауды тапсыру

1. Азаматқа жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама сотқа қайтарылуға жататын қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне қол қойғызып, оған жеке табыс етіледі. 

Заңды тұлғаға жіберілген соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама оның өкіліне немесе басқарушылық функцияларды орындайтын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарланатын тұлғаның басқа жұмыскеріне табыс етіледі, олар өздерінің лауазымын, тегін және аты-жөнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарламаның көшірмесіне алғандығы туралы қол қояды. 

Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, егер хабарлау мен шақырудың электрондық түрлерін жіберудің барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда, заңды тұлғаға жіберіледі.  

Соттың шақыру қағазы немесе қағаз жеткізгіштегі өзге де хабарлама, тіпті, егер заңды тұлға көрсетілген мекенжайда болмаса да, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша оған жеткізілген болып есептеледі. 

2. Егер шақыру қағазын жеткізген адам іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын адамды тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы онымен бірге тұратын отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің біріне не олардың келісімімен басқа адамға, ал олар болмаған кезде – көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамына, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның не оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасына тапсырылады. Бұл жағдайларда шақыру қағазын қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіртегіне өзінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), сондай-ақ адресатқа қатыстылығын немесе атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын қабылдап алған адам оны кешеуілдемей адресатқа тапсыруға міндетті. 

Көрсетілген жағдайларда соттың шақыру қағазы тиісті түрде тапсырылған болып есептеледі. 

3. Адресат уақытша болмаған жағдайда шақыру қағазын жеткізетін адам қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазының түбіртегіне немесе өзге де хабарлауға адресаттың қайда кеткенін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екенін белгілейді. Осы мәліметтерді онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және басқа адамдардың ішінен біреуі растауы не көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің не тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер көрсету қызметінің уәкілетті адамы, жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе адресаттың тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі соттың шақыру қағазын немесе хабарлауды жеткізген адам қағаз жеткізгіштегі куәландыруға тиіс. 

Ескерту. 130-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...505
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться