< ҚР Азаматтық процестік кодексі

Ст. 135 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Азаматтық процестік кодексі
135-бап. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар

Сот бұйрығы:  

1) жеке тұлғалардан кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өндіріп алу туралы; 

2) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (01.08.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; 

4) әке (ана) болудың анықталуына немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді өндіріп алу туралы; 

5) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

6) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) уәкілетті органдар мәлімдеген жауапкерді, жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу туралы; 

8) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған кәсіпкерлік, инвестициялық қызметке байланысты даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; 

9) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған сақтандыру даулары және банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; 

10) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; 

11) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; 

12) келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы; 

13) оқуды не қызметті өткеруді өз қалауы бойынша тоқтатқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша шартта көзделген мерзім өткенге дейін жұмыстан босатылған немесе оқудан шығарылған оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған сомаларды өндіріп алу туралы; 

14) оқуын тоқтатқан не шет мемлекетте оқу орнын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып оралмаған немесе грантты қайтару жөніндегі шартта көзделген міндеттемені бұзған адамдардан мемлекеттік гранттарды өндіріп алу туралы; 

15) ауылдық жерге жіберілген жас мамандар шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда олардан мемлекеттік гранттарды, көтерме жәрдемақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу туралы; 

16) бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы; 

17) жалдау төлемдерінің жалдау шартында белгіленген, мемлекеттік орган мәлімдеген мерзімдерде төленбеуіне байланысты оларды өндіріп алу туралы; 

18) алып тасталды – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

19) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған неке-отбасылық қатынастар саласындағы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; 

20) бұқаралық ақпарат құралында азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе iскерлiк беделiне және заңды тұлғаның іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды не жауапты жариялау туралы даулар бойынша келісімдерді орындау туралы; 

21) заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауларды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған өзге де келісімдерді орындау туралы талаптар бойынша шығарылады. 

Ескерту. 135-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...133‑4 134 135 136 137 ...505
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться