< ҚР Азаматтық процестік кодексі

Ст. 451 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Азаматтық процестік кодексі
451-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

1. Өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарады.  

2. Кассациялық сатыдағы сот бөтен адамдардың болуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 

1) апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымын, қаулысын – күшінде, ал өтiнiшхатты немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады; 

2) апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымының, қаулысының күшiн жояды және бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын, шешімін күшінде қалдырады; 

3) осы Кодекстің 427-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауға жібереді; 

4) осы Кодекстің 427-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, бірінші сатыдағы сот шешімінің, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауға жібереді; 

5) бірінші сатыдағы сот ұйғарымының, шешімінің, апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымы мен қаулысының күшін толық не бір бөлігінде жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді не, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта немесе мәні бойынша қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жібереді;  

6) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жояды және татуласу келісімінің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің бекітілуіне байланысты осы Кодекстің 277-бабында белгіленген негіздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады не осы Кодекстің 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдырады; 

7) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шағым жасаудың процестік мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарының күшін жояды және апелляциялық шағымды қарау үшін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді; 

8) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, ұйғарымын, қаулысын өзгертеді немесе бiрiншi сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоя отырып, егер істің мән-жайын бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот толық және дұрыс анықтаған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей жаңа сот актісін шығарады; 

9) кассациялық қаулы осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша қайта қаралған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1) – 8) тармақшаларында көзделген процестік шешімдердің бірін қабылдай отырып, оны өзгеріссіз қалдырады, оның күшін жояды не өзгертеді. 

3. Сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға жіберілген кезде кассациялық сатыдағы сот белгілі бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқалардың алдындағы басымдығы туралы, материалдық құқықтың қандай нормасы қолданылуға тиіс екендігі туралы, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешім шығарылуға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес. 

4. Кассациялық сатыдағы сот сот актілерінде көрсетілмеген не ол жоққа шығармаған мән-жайларды белгілеуге немесе дәлелденген деп есептеуге құқылы емес. 

4-1. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында жазылған процестік әрекеттерді жасау қажеттігі туралы нұсқаулар сот актілерінің күші жойылған және іс жаңадан қарауға берілген жағдайда істі жаңадан қарайтын сот үшін міндетті. 

5. Егер сот дұрыс шешім қабылдаған, бірақ осы Кодекстің 427-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген бұзушылықтарға жол берілген жағдайда, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары көрсетіледі, оларға сәйкес сот актілері өзгеріссіз қалдырылады.  

6. Қаулының қарар бөлігі сот отырысы залында жария етіледі. 

7. Қаулы түпкілікті нысанда бес жұмыс күні ішінде дайындалуға тиіс. 

Ескерту. 451-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...449 450 451 452 453 ...505
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться