< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 123 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
123-бап. Көмірсутектерді барлау шарттары

1. Іздестіру және бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс. 

2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде және осы Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлау аумағында көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге құқылы.  

3. Көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес барлау жұмыстары жобасында және (немесе) сынамалап пайдалану жобасында көзделген әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс. 

4. Көмірсутектерді барлау кезінде барлау жұмыстары жобасында және (немесе) сынамалап пайдалану жобасында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі. 

5. Жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) әрбір ашылуы кезінде жер қойнауын пайдаланушы осылай ашылған күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға табуда растау туралы өтінішті жібереді. 

6. Табуды растау туралы өтініште:  

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы; 

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні; 

3) ашық кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) орналасқан жеріне және болжамды контурларына нұсқама қамтылуға тиіс. 

7. Өтінішке табудың мынадай құжаттамалық растаулардың кем дегенде біреуі:  

1) жер қойнауын пайдаланушының ұңғымадан көмірсутектер ағынын алғанын, оның ішінде оны қабаттарды сынағышпен сынамалау жүргізген кездегі құжаттамалық растау;  

2) кемінде отыз пайыз коэффициентті мұнаймен немесе газбен қаныққанын растайтын жыныс-коллекторын зертханалық зерттеудің тиісті түрде ресімделген нәтижелері қоса беріледі. 

8. Өтініш жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растау туралы шешім қабылдайды немесе растаудан бас тартады. 

9. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаудан: 

1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;  

2) қоса берілген табуды құжаттамалық растау болмаған немесе анық болмаған жағдайда бас тартады. 

10. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның табуды растаудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.  

11. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге және бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына толықтыруларды әзірлеуді бастауға міндетті.  

12. Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы: 

1) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техникалық құралдардың зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес оңтайлы болуын; 

2) жұмыстың барлық егжей-тегжейлерін, алынған зерттеу деректері мен нәтижелерінің геологиялық құжаттамада уақтылы және анық көрсетілуін қамтамасыз етуге міндетті. 

13. Барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған сынамалап пайдалану жобасына сәйкес табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынамалап пайдалануды жүргізуге құқығы бар.  

Сынамалап пайдаланудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиіс. 

13-1. Жер қойнауын пайдаланушы күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген ұңғыманы бұрғылаудан мынадай шарттар бір мезгілде сақталған: 

1) жер қойнауы учаскесінде барлау жұмыстарының жобасына және жұмыс бағдарламасына сәйкес сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілген; 

2) бас тарту туралы өтініш барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей берілген кезде бас тартуға құқылы. 

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауының барлық учаскесін қайтаруды жүзеге асыруға міндетті. 

Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес бұрғылаудан бас тартылған және жер қойнауы учаскесі қайтарылған жағдайда бұрғылау жөніндегі міндеттеме тоқтатылды деп есептеледі. 

14. Жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе осы Кодекс талаптарына сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі, барлау кезеңінде өндірілген көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті.  

15. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап үш жыл ішінде және жер қойнауын пайдаланушының осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы орындаған сейсмикалық жұмыстардың және (немесе) бұрғылау жұмыстарының нәтижелері бойынша геологиялық ақпаратты алуы шартымен жер қойнауын пайдаланушы көрсетілген жұмыстардың кез келген түрі аяқталғаннан кейін жер қойнауының бүкіл учаскесін (учаскелерін) қайтаруға және кейінгі бұрғылау жұмыстарын және олармен байланысты өзге де жұмыстарды қоса алғанда, жұмыстар бағдарламасында көрсетілген жұмыстардың келесі түрін (түрлерін) орындаудан осындай қайтару кезінде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған геологиялық ақпарат негізінде бас тартуға құқылы. Осындай қайтару жағдайында жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, осындай жұмыстар бағдарламасы бойынша жұмыстардың орындалуын тоқтатуға және (немесе) осындай келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты қандай да бір тұрақсыздық айыбын төлеуді қоса алғанда, қандай да бір міндеттемелерді алмайды. 

Ескерту. 123-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...121 122 123 124 125 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться