< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 154 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
154-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізудің жалпы шарттары

1. Теңіз деп су қабатының беті, сондай-ақ Каспий мен Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі түбі танылады.  

2. Ішкі су айдындары деп Қазақстан Республикасының шекараларында орналасқан жасанды су айдындары мен су ағындары танылады. 

3. Сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су қоймалары мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы. 

4. Теңіз нысандары деп теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбыржолдар және өзге де объектілер танылады.  

5. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең озық практиканы басшылыққа алуға, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану мен қорғауға және әдетте теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де құқыққа сыйымды қызметке кедергі жасамауға және зиян келтірмеуге міндетті. 

6. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде елу пайыз мөлшердегі үлестік қатысуы теңізде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты болып табылады. 

Кейін ұлттық компания келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауына өзінің бақылауын сақтаған жағдайда, келісімшартта ұлттық компанияның үлестік қатысуының көрсетілген мөлшері төмендетілуі мүмкін. 

7. Қоршаған ортаға теріс әсерді барынша төмендету мақсатында теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңіз объектілерін пайдалану жөніндегі жобаларды бірлесіп іске асыруды жүзеге асыруы мүмкін.  

8. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында экологиялық залал, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер экологиялық залалдың, зиянның еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе зардап шегушінің жасырын пиғылы салдарынан келтірілгені дәлелденбесе, кінәсінің болу-болмауына қарамастан жауапты болады. 

9. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі теңіз объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекцияларды жүргізу үшін өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың өкілдерін жағалаудан өз есебінен жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті. 

Мемлекеттік органдар өкілдерінің теңіз объектілерінде инспекция жүргізуі жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс. 

10. Теңізде көмірсутектерді барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы барлау аумағына барлық қажетті геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргізілгеннен, сондай-ақ осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының талаптары орындалғаннан кейін ғана ұңғымаларды бұрғылауға кірісуге құқылы. 

11. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан шыққан кезде мұндай ұңғыманы бақылауға алудың өзге әдістерін қолдану мүмкін болмаған не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылатын кезде тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған ұңғымаларды бұрғылау жобасында көзделмеген іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға тыйым салынады.  

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға ықпал еткен нақты мән-жайлар мен себептерді көрсете отырып, құзыретті органға осындай ұңғыманы бұрғылаудың басталғаны туралы ақылға қонымды мерзім ішінде жазбаша түрде хабарлауға міндетті.  

12. Сақтық аймағының шегінде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы су деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болдырмайтындай қажетті шаралар қабылдауға міндетті. 

13. Ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға осы Кодекстің теңіздегі көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар үшін белгіленген ережелері қолданылады. 

14. Осы баптың 8 және 9-тармақтарының талаптары теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілу қаупі бар объектілерді пайдаланатын тұлғаларға қатысты да қолданылады. 

15. Осы тараудың мақсаттары үшін мұнайдың төгілуі деп мұнай өнімдерінің төгілуі де түсініледі. 

Ескерту. 154-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...153 153‑1 154 155 156 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться