< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 155 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
155-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі

1. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін ресурстар деп теңізге мұнайдың төгілуін жою кезінде пайдаланылатын персонал, кемелер, жабдық, химиялық заттар және өзге де материалдар танылады. 

2. Теңізге мұнайдың төгілу қаупі бар объектілерге теңіз объектілері, теңіз порттары және кемелер жатады. 

3. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету мұнайдың төгілуінің болжалды көлемдеріне қарай мынадай деңгейлер бойынша жүзеге асырылады: 

бірінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объектідегі ресурстар арқылы жойылатын мұнайдың шамалы төгілуі (он тонна мұнайдан аспайтын); 

екінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына қосымша жағалаудан ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың елеулі (орташа) төгілуі (он тоннадан екі жүз елу тоннаға дейін); 

үшінші деңгей – мұнайдың төгілу қаупі бар объект ресурстарына және жағалау ресурстарына қосымша елдегі ресурстар мен халықаралық ресурстар тартыла отырып жойылатын мұнайдың көп көлемде төгілуі (екі жүз елу және одан да көп тонна). 

Қауіпті бағалау негізінде мұнайдың ықтимал төгілуінің анықталған көлемдері көрсетілген үш деңгейден де жоғары болуы мүмкін. Ресурстар саны мұнайдың ықтимал төгілу қаупінің деңгейіне сәйкес болуға тиіс. 

4. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесіне: 

1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғау және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітетін, теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – ұлттық жоспар); 

2) ұлттық жоспар негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері әзірлейтін және тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекітетін облыстардың теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары; 

3) объектілік жоспарлар – кемелердің меншік иелерін қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілетін, ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары негізінде, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелін бағалау және жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде әзірлейтін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар; 

4) 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертілген халықаралық конвенциясына сәйкес әзірленген мұнаймен ластауға қарсы күрес жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарлары кіреді.  

5. Ұлттық жоспарды іске асыруға мына мемлекеттік органдар: 

1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган – жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайдың төгілуін жоюға әзірлігін қамтамасыз ету үшін; 

2) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган – теңіз порттарының және кемелердің мұнайдың төгілуін жоюға әзірлігін қамтамасыз ету үшін; 

3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты алу және беру, оқу және жаттығулар жүргізу, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі жедел әрекеттер үшін тиісті сұрау салуды алған жағдайда, халықаралық көмекке жүгіну және басқа елдерге көмек көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру үшін жауапты болып табылады. 

6. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді. 

Объектілік жоспарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келісу мерзімі жүгінген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс. 

Егер меншік иесінде мұнайдың төгілу қаупі бар бірнеше объектілер бар болса, объектілік жоспарлар біріктірілуі мүмкін. 

7. Мұнаймен ластауға қарсы күрес жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертілген халықаралық конвенцияда айқындалады. 

8. Жер қойнауын пайдаланушы теңіз объектісінің жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келіскеннен кейін бекітеді және бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.  

9. Тиісті облыстың аумақтық жоспары мына жағдайларда: 

1) мұнайдың төгілуі екінші деңгейге жеткенде және оны жою үшін жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) ол тартып отырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымның ресурстары жеткіліксіз болса; 

2) мұнай кемеден төгілген немесе кемедегі мұнайдың төгілу қатері болса; 

3) шығарылған жері белгісіз мұнайдың төгілуі анықталса;  

4) мұнайдың төгілуі Каспий теңізінің қорық аймағының ластануына қатер төндіргенде; 

5) мұнайдың төгілуі шектес облыстың аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі. 

10. Ұлттық жоспар мына жағдайларда: 

1) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жеткенде және мұнайдың төгілуін жою үшін халықаралық ресурстардың келуін ұйымдастыруға жәрдемдесу қажет болғанда; 

2) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жетпегенде, бірақ Каспий теңізінің қорық аймағының ластануына қатер төндіргенде; 

3) мұнайдың төгілуі шектес мемлекеттің аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі. 

11. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдардың жетекшісі: 

1) мұнайдың бірінші деңгейдегі төгілуі кезінде – мұнайдың төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі немесе ол тартып отырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйым; 

2) мұнайдың екінші деңгейдегі төгілуі кезінде: 

тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгенге дейін – мұнайдың төгілу қаупі бар объектінің меншік иесі немесе ол тартып отырған теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйым; 

тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгеннен кейін – облыс әкімі тағайындаған лауазымды адам;  

3) мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезінде – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындаған, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылады. 

Ұлттық жоспар шеңберінде мұнайдың үшінші деңгейдегі төгілуі кезінде консультациялық-кеңесші органның функциялары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.  

12. Осы баптың талаптары, объектілеріне 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу жөніндегі 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертілген халықаралық конвенцияның күші қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қатысты да қолданылады. 

Ескерту. 155-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...153‑1 154 155 156 157 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться