Ст. 193 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
193-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия мерзімі
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия кезекті алты жылға беріледі. 2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет кезекті бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.
3. Егер барлауға арналған лицензия он және одан да көп блокты қамтыса, оның мерзімін ұзартуға, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алу үшін мәлімдеген аумақ шегіндегі блоктарды шегергенде, лицензияны беру кезінде барлау аумағына енгізілген блоктардың жалпы санынан есептелетін блоктардың кемінде қырық пайызын құрайтын аумақ барлау учаскесінің бөлігінен жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан жағдайда жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 26.12.2025 № 243-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Ұзарту туралы өтініш құзыретті органға ол бекіткен нысан бойынша барлауға арналған лицензия қолданысының алтыншы жылы ішінде беріледі. Өтініш құзыретті органға ол берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер өтінішті қарау кезеңінде барлауға арналған лицензияның мерзімі өтіп кетсе, осындай қарау кезеңінде лицензияның қолданысы жалғастырылады. Барлауға арналған лицензияны ұзарту мерзімін есептеу өтіп кеткен мерзімнің соңғы күнінен кейінгі күннен басталады.
5. Барлауға арналған лицензияның мерзімі мынадай жағдайларда:
1) егер мәлімделген ұзарту мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес келмесе;
2) осы баптың 4-тармағында көзделген лицензия мерзімін ұзарту туралы өтінішті беру мерзімі бұзылса;
3) ұзарту туралы өтініш берілген күннің алдындағы есептік кезеңдер үшін жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу (жалдау төлемдері) және барлауға арналған ең төмен шығыстар бойынша барлауға арналған лицензия шарттарының жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзушылықтары болса;
4) осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар орындалмаса ұзартылуға жатпайды.
Лучшие юристы
жана матор алган едім алган күннен бастап паддон крышкадан май кетіп бастады, паддон, бакавой крышка, клапнный крышкаданда оны жасап берді бірдеме қылып 14 кун гарантя берген гарантия біткеннен кеиін 9 күннен кеиін матордын суынан пена тәріздес болып кетті мамандар ол блок немесе галовкада трешинна бар дейді ашпадым Алган жеріме барсам гарантя отті бітті ақшасын тоилеисін деиді ол дұрыспа зандылыгы керек еді сотка жүгіндім
Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?
Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама
Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день
Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей