Ст. 205 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
205-бап. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру туралы өтінішті қарау
1. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Кодекстің 207-бабы 1-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішті, өтінішке қоса берілетін пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есепті және сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жібереді.
2. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есептен мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына енгізеді және өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 207-бабы 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген лицензияны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы нысанына қарайды.
Егер өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жататын болса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада біріктірілген аумақтардың координаттары мен алаңы және сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағынан осы аумақты алып тастау тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш иесі хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініштен бас тартуға немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, сұралатын жер қойнауы учаскесі туралы өзгертілген мәліметтерді ұсынуға құқылы.
Егер өтініш иесі белгілеген сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекарасы осы Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы өтініш иесін және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер мен оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш иесі хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, бұл туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді не өз қарсылығын жазбаша түрде жолдайды. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сұралатын жер қойнауы учаскесі шекарасының осы Кодекстің 209-бабының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.
Сұралатын жер қойнауы учаскесі шекарасының сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы құзыретті органды және өтініш иесін хабардар етеді. Осы тармақта көзделген сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары туралы өзгертілген мәліметтерді ұсыну мерзімдерін өтініш иесі бұзған жағдайда жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекараларын келісуден бас тартады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекараларымен келіспеген жағдайда құзыретті орган осы Кодекстің 207-бабы 1-тармағының 7) немесе 8) тармақшаларына сәйкес өтініш иесіне лицензияны беруден бас тартады.
3. Сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат алу, тиісінше осы Кодекстің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарына және жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын өтініш беруші құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабардар ету күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынуға тиіс.
Өтініш иесі құзыретті органға осындай ұзартудың қажеттілігін негіздей отырып, көрсетілген мерзімді ұзарту үшін жүгінуге құқылы. Құзыретті орган осы мерзімді, егер осындай ұзартудың қажеттілігі өтініш иесіне байланысты емес мән-жайлардан туындаса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.
4. Құзыретті орган қажетті келісулер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны береді.
5. Өтініш иесіне басқа тұлғаға тиесілі немесе соның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы жер қойнауы учаскесінде көрсетілген жер учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр шекте осындай тұлғаның келісімінсіз операцияларды жүргізуге құқығы жоқ.
6. Осы баптың 3-тармағында көзделген хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жерлерді жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін резервте қалдыру үшін негіз болып табылады.
7. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланушыға беруі үшін негіз болып табылады.
8. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау тәртібін құзыретті орган айқындайды.
Ескерту. 205-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.
С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?
Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.
Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.
Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.
Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?
Заранее спасибо.
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей