< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 40 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
40-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы

1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) басқа тұлғаға азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарған жағдайда жүзеге асырылады.  

2. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің):  

1) қолданылуының алғашқы жылында пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша;  

2) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия бойынша;  

3) кен іздеушілікке арналған лицензия бойынша ауысуына тыйым салынады. 

3. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе тиісінше, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізу арқылы жүргізіледі.  

Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші мен жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алушы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан мемлекеттік органға бірлесіп өтініш жасайды.  

Өтінішке:  

1) жер қойнауын пайдалану құқығы соның негізінде алынатын құжаттың түпнұсқасы;  

2) жер қойнауын пайдалану құқығын алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар: 

жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;  

заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын заңды тұлғалар, иемденушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және жеке тұлғалар туралы мәліметтер; 

3) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге не уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алуға үміттенетін тұлғаларға қойылатын осы Кодекс талаптарына иемденушінің сәйкестігін растайтын құжаттар; 

4) егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) кепіл ауыртпалығы салынса, кепіл ұстаушының жазбаша келісімі; 

5) жер қойнауын пайдалану құқығын барлық бірлескен иеленушілердің жазбаша келісімі қоса беріледі. 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда өтінішке өтініш иесі қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырудың жобасы қоса беріледі. 

Осы Кодекстің 44-бабына сәйкес берілетін рұқсатпен жер қойнауын пайдалану құқығы алынған жағдайда, алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың орнына алушы өтінішке өзі туралы мәліметтердің көрсетілген рұқсатты алу үшін өзі ұсынған мәліметтермен салыстырғанда өзгермегені туралы жазбаша растауды қоса беруге құқылы.  

Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, оған қоса берілетін құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.  

Мемлекеттік орган лицензияны қайта ресімдеуді жүргізеді немесе жер қойнауын пайдалану құқығын алушымен келісімшартқа толықтыруды жасасады не өтініш келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа толықтыру жасасудан уәжді бас тартуды береді. 

4. Мемлекеттік орган мынадай жағдайларда:  

1) өтініш осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмегенде;  

2) жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу шарттары берілген рұқсатқа сәйкес келмегенде, егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса;  

3) жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат болмағанда, егер мұндай рұқсат осы Кодекске сәйкес талап етілсе;  

4) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе салынған әкімшілік жазаларға сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса; 

5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына осы Кодекспен тыйым салынса;  

6) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар ережелерінің бұзылуына алып келетін болса, лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тартады. 

Лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тартуға жер қойнауын пайдалану құқығын алушы бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы негіздер бойынша лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту жер қойнауын пайдалану құқығын алушыны лицензияны қайта ресімдеуге немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуге арналған өтінішпен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларындағы негіздер бойынша лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту өтініш иесін жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат беруге арналған өтінішпен қайта жүгіну құқығынан айырмайды. 

Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться