< ҚР Салық кодексi

Ст. 115 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
115-бап. Хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiнің (салық агентінің) жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етілуге тиiс. 

Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда: 

1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі; 

Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс; 

2) электрондық тәсілмен жіберілгенде: 

салық органы хабарламаны веб-қосымшаға және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.  

Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын салық төлеушіге қолданылады; 

"электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелтіле отырып, "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 

Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады; 

хабарлама салықтық мобильдік қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.  

Бұл тәсіл осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салықтық кезең үшін есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаға қолданылады; 

3) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде – келу тәртібімен оны алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген есепті салықтық кезеңде есептелген салықтар сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс. 

2. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп-қарауды жүргізу күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады. 

3. Осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, мұндай хатты пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтару күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады. 

4. Салық органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады. 

5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) – 5), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салықтық міндеттеме және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады. 

6. Салық төлеуші осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші мұндай келісу туралы өтінішті хабарламаларда көрсетілген, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсынады. 

Бұл ретте салық төлеуші таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келісетіні туралы өтінішті хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына ұсынады. 

7. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды табыс ету және орындау тәртібі осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады. 

8. Салық органдары осы Кодекстің 114-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай салық төлеушіге осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді. 

9. Осы Кодекстiң 114-бабы 2-тармағының 13) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс. 

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 196-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

Статья 1 ...108‑1 114 115 116 117 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться