Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 116 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
116-бап. Қосымша салықтық есептілікті және хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуға байланысты негізгі ережелер

1. Бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну арқылы жүргізіледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтердің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын көрсету мынадай түрде жүргізіледі: 

1) салықтық есептілікте көрсетілген сомалар өзгерген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында нақты сома мен салықтық есептілікте көрсетілген сома арасындағы айырма көрсетіледі; 

2) салықтық есептілікте көрсетілген сомаға қатысы жоқ өзге мән өзгертілген кезде салықтық есептіліктің тиісті жолында жаңа мән көрсетіледі. 

Қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынған кезде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің сомалары салық төлеушіні (салық агентін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай төлеуге жатады. 

2. Таратудың салықтық есептілігін ұсынғаннан кейін салық төлеушінің (салық агентінің) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуына жол беріледі. 

Аяқталмаған салықтық кезең үшін салық төлеуші (салық агенті) ұсынған таратудың салықтық есептілігі мынадай: 

1) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін қызметті тоқтату немесе тарату, бөлу арқылы қайта ұйымдастыру туралы шешім өзгерген; 

2) дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылғанға дейін қызметін тоқтату туралы шешімді өзгерткен; 

3) дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тартылған жағдайларда, салықтық кезеңдегі кезекті салықтық есептілікке теңестіріледі. 

3. Мынадай: 

1) нұсқамада көрсетілген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексерулерді жүргізу кезеңінде (тоқтата тұруды ескере отырып) – тексерілетін салықтық кезеңдегі; 

2) шағымда көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру және шағымын қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салықтық кезеңдегі; 

3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген; 

4) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей – есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші және төртінші тоқсандары үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша; 

5) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған адамдардың активтер мен міндеттемелер туралы салықтық есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуына жол берілмейді.
Статья 1 ...114 115 116 117 118 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться