Ст. 117 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
117-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
1. Осы баптың 2-тармағында белгiленген, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің мерзiмiнде төленбеген сомасына есепке жазылатын мөлшер өсiмпұл деп танылады.
2. Өсімпұл:
1) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан;
2) егер осы тармақтың 2-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде;
2-1) төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, есепті салықтық кезең үшін төмендегі салық түрлері бойынша қосымша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұсынған жағдайда туындаған, осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелетін корпоративтік табыс салығын және осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістен есептелетін жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 0,65 еселенген мөлшерінде;
3) салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген, салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған, қосымша салықтық есептілік ұсынылған кезде;
4) мыналарды:
екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған;
салық төлеуші банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асырған;
салық төлеуші, уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген сомаларды екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға енгізген;
салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілген;
инкассалық өкім орындалған күнді қоса алғанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомаларын төлеу кезінде;
5) салықтық және (немесе) кедендік тексеруді жүргізу кезінде – мұндай тексеру аяқталған күнге дейін өсімпұл есепке жазылады.
Салық төлеушінің жеке шотында тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған (есептелген) сомалар көрсетілгеннен кейін – төлеу күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап;
6) екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
банктік шоттардан сомаларды есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін;
оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін;
мыналарды:
салық төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды;
салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны;
есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есепке жазылады.
3. Өсімпұл:
егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасының түзілуінің бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн екінші деңгейдегі банктің таратылуы болып табылса, мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиторларына – соттың екінші деңгейдегі банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешiмі заңды күшiне енген күннен бастап;
егер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасы түзілуінің бiрден-бiр себебi оларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің мәжбүрлеп тоқтатылуы болса, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиторларына – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі күшіне енген кезде – жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арыз берілген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн;
соттың жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмi күшiне енген кезде – сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның күшi жойылғанға дейiн;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейінгі бес салықтық кезеңнің алдындағы кезең үшін үстеме пайда салығы бойынша;
салық органдары жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығының, жер салығының және көлік құралдары салығының есептелген сомаларын тиісті салықтық кезеңде осы салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін қайта қараған кезде;
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, салық төлеушіге қатысты салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген кезде;
сот "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық салықтық кредит туралы келісім болған кезде оның қолданылу мерзімі ішінде және осындай кредит берілген салықтар бойынша;
сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – мұндай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде – сот осындай рәсімді қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап;
бұрын белгісіз болған мән-жайларды анықтауды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) алынған алдын ала түсіндірмеге сәйкес салықтық міндеттемелерді орындауы нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған кезде туындаған, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.
Осы баптың мақсаты үшін бұрын белгісіз болған мән-жайлар деп салық органының берген алдын ала түсіндірмеде көрсетілген ұстанымына әсер ететін, алдында:
салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуында салық органдарының назарына жеткізілмеген;
салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қарау шеңберінде салық органының немесе оның лауазымды адамдарының сұрау салуларына жазбаша түсіндірулерде жеткізілмеген мән-жайлар танылады.
4. Мынадай:
1) соттың салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2-1) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) салық төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
4) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім заңды күшіне енген жағдайда – сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Глава 46 (ЗАЧЕТ ПО НАЛОГУ НА ДОБАВЛЕННУЮ СТОИМОСТЬ) Кодекса "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" содержит в себе статьи от 400 до 411 указанного Кодекса.
В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 457-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі ҚР Салық кодексi 688-бап. Оңайлатылған декларацияны тапсыру мен салықтарды төлеу мерзімдері ҚР Салық кодексi 626-бап. Алу объектілері ҚР Салық кодексi 248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерімРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей