< ҚР Салық кодексi

Ст. 118 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мынадай: 

1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салықтық есептiлiкті ұсынбаған жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң; 

2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң; 

3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай: 

тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң; 

тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң; 

4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу жағдайларынан басқа, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-қарауға жібермеген жағдайда – жіберілмеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде; 

5) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) және 13) тармақшаларында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда – қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде; 

6) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда – осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 96-бабының 4 және 4-3-тармақтарында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі. 

2. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан: 

1) осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан; 

2) ақшаны: 

өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша; 

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша; 

салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операциясына қолданылады. 

Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасының шегінде жүргізіледі. 

3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады және екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi. 

Салық органы мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады. 

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады. 

4-1. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын салық төлеушінің (салық агентінің) өтеуі екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта бастауы үшін негіз болып табылады. 

Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтық берешек өтелген күні банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің күші жойылғанға дейін қайта бастайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды. 

Бұл ретте, осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнің күші: 

салық органдары осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс салықтық тексеруді немесе салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салық кезеңдерін қамтитын салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама табыс етілген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жойылады; 

салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің 96-бабының 4-1-тармағында көзделген шағымы келіп түскен күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жойылады және көрсетілген шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылған және (немесе) сот актісі заңды күшіне енген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта басталады. 

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді қайтарады. 

Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден астам банктік шот көрсетілген кезде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай өкімді тиісті салық органына банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банктік шоттардың соңғысы жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарады. 

Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-б. қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...116 117 118 119 120 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться