< ҚР Салық кодексi

Ст. 288 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР Салық кодексi
288-бап. Салық салынатын кірісті азайту

1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мынадай шығыстар түрлеріне: 

1) салықтық кезеңде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілердің – мынадай:  

осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын; 

алушысы: 

коммерциялық емес ұйым; 

әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусіз берілген мүліктің құнын; 

көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. 

Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілердің – мынадай: 

осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын; 

алушысы: 

коммерциялық емес ұйым; 

әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын; 

көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. 

Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады; 

3) мүгедектігі бар адамдардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектігі бар адамдарға төленетін жалақыға және басқа да төлемдерге есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын; 

3-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері – мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа да заңды өкілдер; зейнеткерлер мен зейнеткерлік жас алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде); жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар; қандас болып табылатын жұмыскерлерді кәсібін игеру бойынша оқытуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе олардың біліктілігін арттыруға ақы төлеуге жұмсалған шығыстар, бірақ салықтық кезең үшін бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайтуға құқығы бар. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген жұмыскердің мәртебесі өзгерген кезде салық салынатын кіріс мөлшерінің азаюы жұмыскер мүгедектігі бар адам; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа заңды өкіл; зейнеткер мен зейнеткерлік жас алдындағы азамат (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде); жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушісі және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлегі; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адам; қандас болған салықтық кезеңдегі айлардың үлес салмағы негізге алына отырып жүргізіледі. 

Жұмыскерге қатысты салықтық кезеңде салық салынатын кірісті азайту қолданылған кезде келесі салықтық кезеңдерге мұндай азайту қолданылмайды; 

3-2) бейрезидент – жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген өзара байланысты тараптан басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік көрсетілетін қызметтерді, роялтиді, зияткерлік меншік обьектілерін пайдалануға құқықтарды сатып алу жөніндегі шығындарды – салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сома мөлшерінде азайтуға құқығы бар. 

Осы тармақшаның мақсатында осы Кодекстің 264-бабының 23) тармақшасына сәйкес өзара байланысты деп танылғандар өзара байланысты тараптар деп танылады; 

4) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар. 

Осы тармақшаның мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар: 

оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды; 

тұруға уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде іс жүзінде жұмсалған шығыстарды; 

білім алатын адамға салық төлеуші айқындаған, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын мөлшерлерде ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды; 

оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды; 

білім алатын адам оқыту кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болған кезеңде науқастанып қалған жағдайға арналған сақтандыру бойынша іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды. 

Осы тармақшаның ережелері: 

жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды; 

жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды; 

жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 261-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды. 

5) алушысы осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2024 № 105-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) 01.01.2023 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

7) осы Кодекстің 274-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды сатып алу немесе салу шығыстарын азайтуға құқығы бар. 

Осы тармақшаның ережелерін қызметін өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асыратын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес есепті салықтық кезең үшін салық салынатын кіріс сомасынан аспайтын сомада қолданады. 

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген активтер осы Кодекстің 7-бөлімінің 3-параграфына сәйкес тіркелген активтер деп танылмайды және осы Кодекстің 7-бөлімінің 4-параграфын қолдану мақсатында преференциялар объектісі болып табылмайды. 

Осы тармақтың мақсаттарында, өтеусіз берілген мүліктің құны: 

ақша беру кезінде – берілген ақшаның мөлшерімен; 

жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде – осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге шегілген шығыстардың мөлшерімен; 

өзге мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады. 

2. Салық төлеушінің мынадай кіріс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар: 

1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, лизинг шарты бойынша сыйақы; 

2) осындай сыйақы есепке жазылған күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2030 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2030 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған кірістер; 

5) агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін, агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған кірістер; 

6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құны; 

7) республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құны; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8) тармақшаның бірінші бөлігінің бірінші абзацына енгізілген өзгеріс 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

8) егер осы тармақтың 9) және 11) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай: 

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді; 

осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды; 

жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткізуден туындаған залалдарға азайтылған резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер. 

Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақшада көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады. 

Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 70 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды. 

Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде: 

бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген; 

бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі. 

Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады; 

9) өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақша 01.01.2027 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

10) дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алған, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым берген банктік салым шарты бойынша сыйақы; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

11) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

11) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2030 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 288-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...286 287 288 289 290 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться