< ҚР Салық кодексi

Ст. 292 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
292-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу

1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бюджетке төленге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде мына қызмет түрлерінен түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәкес есптелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады:  

1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акцияларды, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген қызметті қаржыландыру үшін облигацияларды шығару; 

2) орналастырылған меншікті акциялар мен аблигацияларды сатып алу; 

3) сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерінің сапасын, талап қою құқықтарын бағалау; 

4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару, иелену және (немесе) өткізу; 

5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасын бағалау; 

6) заңды тұлғалардың, оның ішінде талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару, иелену және (немесе) өткізу; 

7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алу, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару, иелену және (немесе) өткізу; 

8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беруге) ұсыну немесе осындай мүлікті өзге уақытша өтеулі пайдалану нысанын пайдалану, оны сенімгерлік басқаруға беру; 

9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтары мен басқа да активтерді секьюритилендіру жөніндеі операциялар жүргізу; 

10) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоса алғанда, талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, иелену, күтіп-ұстау, сақталуын қамтамасыз ету, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару және (немесе) өткізу; 

11) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне банктік шот пен банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру; 

12) банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қаржыландыруды жүзеге асыру; 

13) меншікті активтерді жарғылық капиталға беру арқылы күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымды дербес өзі немесе банктермен бірлесіп құру, оларды басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу; 

14) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтер ретінде есепке алынатын талап ету құқықтарын өтеу есебіне қабылданған мүлікті өткізу; 

15) талап ету тоқтатылған міндеттемелерді ішінара немесе толық есептен шығару.  

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей айқындалған тәртіппен салық салынуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салынудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын кірістер бойынша бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті. 

3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын кірістер алынған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызуға жататын сомасы осындай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады. 

4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызуға жататын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің жалпы кіріс сомасындағы үлес салмағы негiзге алына отырып айқындалады. 

5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жататын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға жататын кірістерге жататын шығыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргiзедi.  

Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...290 291 292 293 294 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться