< ҚР Салық кодексi

Ст. 413 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Салық кодексi
413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері

1. Шот-фактура:  

1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей; 

2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей; 

3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша; 

3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей; 

4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. 

2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз тоқсан бес күн ішінде жүзеге асырылады. 

3. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.  

4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері осы Кодекстің 420-бабында белгіленеді.  

Осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді. 

Ескерту. 413-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...411 412 413 414 415 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться