< ҚР Салық кодексi

Ст. 511 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
511-бап. Жалпы ережелер

1. Осы тараудың ережелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттар негізінде белгіленген және тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасында оны салықтық әкімшілендіруді реттейді. 

Егер осы тарауда тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оны салықтық әкімшілендіру бөлігінде осы Кодекстің басқа тарауларында қамтылғаннан өзгеше нормалар белгіленсе, осы тараудың нормалары қолданылады. 

Осы тарауда реттелмеген, тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оны салықтық әкімшілендіруге қатысты мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. 

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарда көзделген. 

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады. 

ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын алуды салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады. 

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасында тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші ұсынған салықтық есептіліктің, сондай-ақ мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған салық төлеушінің қызметі туралы мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады. 

Осы тараудың мақсаттары үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күніне белгіленген валютаның ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі. 

2. Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша мүлікті (лизинг нысанасын) үш жылдан астам мерзімге беру, егер ол мынадай шарттардың біріне сай келсе: 

1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартында айқындалса; 

2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асса; 

3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің бүкіл мерзімінде мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін құнның 90 пайызынан асса, лизинг деп танылады. 

Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы – лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға тауарлар құны бөлігінің мөлшерінде берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады. 

Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп лизинг шартында (келісімшартында) көзделген сыйақы ескеріле отырып, тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі түсініледі. 

Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған немесе олар бойынша лизинг шарты осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда, лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды. 

Осы тараудың мақсатында осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер лизинг шарты бойынша сыйақы деп түсініледі.

Статья 1 ...509 510 511 512 513 ...848
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться