< ҚР Салық кодексi

Ст. 813 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
813-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу тәртібі

1. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызметтің салықтық кезеңі үшін айқындалады. 

2. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың салық салынатын объектісі жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс пен осы Кодекстің 256 және 288-баптарында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін шегерімдер арасындағы айырмасы ретінде айқындалады. 

Осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдердің салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген жылдық жиынтық кірістің сомасынан асып кетуі кейінгі қоса алғандағы он жылға жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген осы келесі салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісінің есебінен өтеу үшін ауыстырылады. 

3. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттарында жылдық жиынтық кіріске қосуға жатпайтын корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін осы Кодексте айқындалған тәртіпке сәйкес және осы Кодекстің 255-бабында көзделген жылдық жиынтық кірісті азайту есепке алынбай айқындалады. 

Стратегиялық әріптес жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның міндеттемесін барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығарған кезде туындаған, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі осы тармақтың мақсатында кіріс ретінде қарастырылмайды. 

4. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдер корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаттары үшін мыналар: 

сыйақылар, оның ішінде осы Кодекстің 263-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын немесе күрделі шығындар ретінде есепке алынуға жататын сыйақылар шегерімге жатпайтыны; 

теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан, оның ішінде осы Кодекстің 303 – 315-баптарына сәйкес шегерімдерге жатқызылатын шығыстар құрамында асып кетуі шегерімге жатпайтыны; 

есептелген (есепке жазылған) корпоративтік табыс салығының сомасы шегерімге жатпайтыны ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалған тәртіпке сәйкес айқындалады. 

5. Егер нақ сол шығыстар (шығындар) осы баптың 4-тармағында белгіленген шығыстардың (шығындардың) бірнеше түрінде көзделсе, онда жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу кезінде аталған шығыстар (шығындар) тек бір рет шегеріледі. 

6. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық жер қойнауын пайдалануға осындай салықтың салық салынатын объектісі мен осы Кодекстің 814-бабында белгіленген мөлшерлеменің көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Статья 1 ...811 812 813 814 815 ...848
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться