Ст. 820 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
820-бап. Жалпы ережелер
1. Салық агенті тиісті декларацияда осы тараудың ережелеріне сәйкес немесе осы Кодекстің 6-бөлімінің ережелеріне сәйкес жұмыскерлердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістеріне салық салудың бірыңғай тәртібін дербес айқындайды.
2. Жұмыскердің (бейрезидентті қоспағанда) төленген кірістері бойынша бірыңғай төлем құрамында жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған микро- және шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, егер олар:
осы Кодекстің 78 және 79-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданса;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, аквашаруашылық (балық шаруашылығы) өнімдерін өндірумен, сондай-ақ өзі өндірген көрсетілген өнімдерді қайта өңдеумен және осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізумен айналысса;
осы Кодекстің 16-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылса, осы тараудың мақсаттарында салық агенттері деп танылады.
3. Бірыңғай төлемге төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден төленуге жататын жеке табыс салығының сомалары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.
4. Бастапқы немесе кезекті декларацияда жұмыскерлердің төлем көзінен салық салуға жататын кірістеріне салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей