Ст. 844 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
844-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістер мен шегерімдер жөніндегі өтпелі ережелер
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай кірістерді: 1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 "Сақтандыру шарттары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының ұлғаю сомасындағы кірістерді;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы теріс айырманы таниды.
2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары 2026 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы есепті салықтық кезең үшін сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша мынадай шығыстарды:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 17 "Сақтандыру шарттары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына көшуге байланысты туындаған, 2023 жылғы аудиттелген жылдық есептіліктегі өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының азаю сомасындағы шығыстарды;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Ұлттық Банк белгілеген есептілік бойынша таза пайда мен 2023, 2024 және 2025 жылдардағы аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген таза пайда арасындағы оң айырманы шегерімге жатқызуға құқылы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қолданады.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының және 2-тармағы 2) тармақшасының мақсаттарында сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген есептілік ескеріледі.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей