Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
18-1-бап. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзедi, оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын жүзеге асырады және оны өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады.Тiзiлiмдi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Техникалық байқау операторы механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу жөнiндегi қызметтi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзген күннен бастап жүзеге асырады.
2. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу мақсатында көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
3) дара кәсiпкер үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан қойылған, техникалық байқау операторының жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
5) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
6) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшiрмелерi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшем құралдары туралы ақпарат ұсынылады.
3. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды, оның қорытындысы бойынша өтiнiш берушiге тiзiлiмге енгiзу туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелдi бас тарту жiберiледi.
4. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзуден бас тарту үшiн:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дәйексiздiгi;
3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша өтiнiш берiлген күнге дейiн алты айдың iшiнде техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару негiз болып табылады.
5. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару үшiн:
1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен өз еркiмен шығару туралы өтiнiшi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы;
3) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу бұрыс ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;
5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен шығару туралы хабарлама көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей