Ст. 2 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V
Дене шынықтыру және спорт туралы
2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат: 1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.05.2017 № 65-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей