Ст. 15-9 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы
15-9-бап. Өкілдің міндеті, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті орган өзінің қызметкерлері арасынан тағайындайтын өз өкілін жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өкілдердің санын уәкілетті орган айқындайды.
2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
3. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардағы өз өкілін кез келген кезде ауыстыруға құқылы.
4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өкіл өзіне жүктелген міндетті іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның қаржылық жай-күйін талдайды;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
3) өзі өкіл болып табылатын ұйымда тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) өзі өкіл болып табылатын ұйым басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) өзі өкіл болып табылатын ұйым акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде қатысады.
6. Өкілдің:
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсатында өзі өкіл болып табылатын ұйымнан және (немесе) оның лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілік пен органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын ауызша және жазбаша нысанда сұратуға;
2) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуге құқығы бар.
7. Өкіл:
1) өзі өкіл болып табылатын ұйымның өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіру, осы ұйым тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабар беруге;
2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар:
1) өкілге өз функцияларын орындауда жәрдем көрсетуге;
2) өкілге осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және олармен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;
4) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
5) өкілді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
9. Өкіл өзі бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтарының, сақтандырудың құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де жауапты болады.
Өкіл уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкіл болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл өзі өкіл болып табылатын немесе болып табылған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
10. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. 15-9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей