Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
18-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынның
мiндет-мақсаты
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн:
1) қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму);
2) уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;
3) дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату; 4) (алып тасталды - ҚР 2001.05.04 N 185 Заңымен). 5) энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс, коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында, республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыру; 6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын; 7) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртiбi белгiленген мемлекеттiк автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектiлерiнiң желiсiн ұстау мен дамыту; 8) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс желiлерiн пайдалану; 9) денсаулық сақтау, ветеринария, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру; 10) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру; 11) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру; 12) жер кадастрларын, Қазақстан Pecпубликасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудi қамтамасыз ететiн қызметтi жүзеге асыру; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру; 14) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бiрегей және сирек кездесетiн ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
Мемлекеттiк органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға тыйым салынады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1999.11.04 N 472, 2001.05.04 N 185, 2003.06.03 N 431, 2004.06.11 N 561, 2007.07.26 N 311, 2009.07.10 N 180-IV, 2009.07.24 N 190-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей