Ст. 5 Мемлекеттiк сатып алу туралы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ
Мемлекеттiк сатып алу туралы
5-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасы арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
5) қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды орындаушылар мен қызметтерді көрсетушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу;
8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту.
2. Заң ұқсастығын немесе құқық ұқсастығын қолдану процесінде мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілеуге немесе құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
3. Қазақстан Республикасының осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері осы баптың 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарына сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.05.2025 № 188-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей