< Азаматтық қорғау туралы

Ст. 103 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Азаматтық қорғау туралы
103-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi

1. Құтқарушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан шарттар негізінде түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн. 

3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде қайтыс болған жағдайда, асырауындағыларға оның соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi. 

4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде мертігуінің, жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, ауыруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде оған мынадай мөлшерлерде: 

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде; 

2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді. 

5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттілігінен тұрақты айырылып мертіккен, жарақаттанған, жараланған, контузия алған, ауырған жағдайда, оған мүгедектiк белгiленбей, жалақысының жылдық мөлшерінен кем емес мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi. 

6. Егер құтқарушының қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі, жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, ауыруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты емес мән-жайларға қатысты болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында айқындалған бiржолғы жәрдемақы төленбейдi. 

7. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеуге арналған жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін мөлшерде беріледі. 

8. Осы баптың 3, 4, 5 және 7-тармақтарына сәйкес жәрдемақылар авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебінен төленеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұстайтын ұйымдардың шығындары зиян (нұқсан) келтірушінің есебінен толық көлемде өтеледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру - Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

10. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында осы ұйымдардың жұмыскелері үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. Олардың жалақысының мөлшері өздері қызмет көрсететін қауіпті өндірістік объектілердегі тиісті санаттардағы жұмыскерлердің жалақысының мөлшерінен төмен болмауға тиіс. 

11. Осы бапта көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушыларына, сондай-ақ құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға оларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартқан кезде қолданылады. 

Ескерту. 103-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 342-V (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
19-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...109
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться