< Коллекторлық қызмет туралы

Ст. 14 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Коллекторлық қызмет туралы
14-бап. Коллекторлық агенттіктің құқықтары

Коллекторлық агенттік: 

1) коллекторлық қызметті кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде және осы Заңның, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға; 

2) берешекке байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыруға, оның ішінде берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттар бойынша кредитордан құжаттар (түпнұсқалары мен көшірмелерін), түсіндірмелер мен ақпарат алуға; 

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, өзі бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік кредитордан алған кепiлге салынған мүлiкке сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға; 

4) егер кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарттың талаптарын бұзған, борышкер мен оның берешегі туралы құжаттардың (түпнұсқалары мен көшірмелерін), ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген, анық емес деректер ұсынған жағдайларда, берешекті өндіріп алу туралы шартты орындаудан бас тартуға;  

5) міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі – қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асып кеткен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша, міндеттемені орын дау мерзімінің өтуі қатарынан күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын жеке тұлғаға берілген ипотекалық қарыз бойынша креди тормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға; 

6) тиісті өкілеттіктері болған кезде сотта және атқарушылық іс жүргізуде кредитордың өкілі ретінде әрекет етуге; 

7) үшінші тұлғалардан борышкер бұрын банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шарт жасасу кезінде берген борышкер туралы ақпаратты, сондай-ақ борышкердің көрсетілген шарттар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға; 

7-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы. 

Коллекторлық агенттік сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:  

тараптардың келісімі бойынша өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі; 

өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;  

борышкерден өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына бере отырып, қабылдауға; 

бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға құқылы. 

Сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттікке сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді); 

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, берешекті өндіріп алу туралы шартта және (немесе) құқықты (талапты) басқаға беру шартында және (немесе) сенімгерлік басқару шартында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...22
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться