Ст. 14 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ
Коллекторлық қызмет туралы
14-бап. Коллекторлық агенттіктің құқықтары
Коллекторлық агенттік: 1) коллекторлық қызметті кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде және осы Заңның, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) берешекке байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыруға, оның ішінде берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттар бойынша кредитордан құжаттар (түпнұсқалары мен көшірмелерін), түсіндірмелер мен ақпарат алуға;
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, өзі бойынша құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік кредитордан алған кепiлге салынған мүлiкке сот тәртібімен өндіріп алуды қолдануға;
4) егер кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарттың талаптарын бұзған, борышкер мен оның берешегі туралы құжаттардың (түпнұсқалары мен көшірмелерін), ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген, анық емес деректер ұсынған жағдайларда, берешекті өндіріп алу туралы шартты орындаудан бас тартуға;
5) кредитор "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғаның банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарты бойынша кредитормен талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасуға;
6) тиісті өкілеттіктері болған кезде сотта және атқарушылық іс жүргізуде кредитордың өкілі ретінде әрекет етуге;
7) борышкермен жасалған банктік қарыз шартында (микрокредит беру туралы шартта) осындай талап болған кезде борышкердің тұрған жері және (немесе) байланыс деректері туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан сұратуға;
7-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы.
Коллекторлық агенттік сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:
тараптардың келісімі бойынша өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі;
өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;
борышкерден өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына бере отырып, қабылдауға;
бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға құқылы.
Сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттікке сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді);
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, берешекті өндіріп алу туралы шартта және (немесе) құқықты (талапты) басқаға беру шартында және (немесе) сенімгерлік басқару шартында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Читать еще раз
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 10-бап. Террористік іс-әрекеттің алдын алу Коллекторлық қызмет туралы 18-бап. Ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 13-бап. Оралымды штабтар Об акционерных обществах Статья 21. Оплата размещаемых акций общества Коллекторлық қызмет туралы 15-бап. Коллекторлық агенттіктің мiндеттерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей