Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Коллекторлық қызмет туралы
15-бап. Коллекторлық агенттіктің мiндеттерi

1. Коллекторлық агенттік: 

1) екі жұмыс күні ішінде өзінің борышкермен үлестес екендігі, осындай үлестестіктің негіздері туралы, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің шарттық міндеттемелерді орындауына ықпал ететін немесе ықпал ете алатын және (немесе) коллекторлық агенттіктің жеке мүддесі мен кредитордың заңды мүдделері арасында қайшылықтың туындауына не кредитордың заңды мүдделеріне, оның ішінде борышкердің кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындамауына коллекторлық агенттіктің тікелей немесе жанама түрде мүдделі болуы салдарынан қысым жасалуына алып келуі мүмкін өзге де мән-жайлар туралы ақпаратты кредитордың назарына жеткізуге; 

2) тұрған жерi не атауы өзгерген жағдайларда, осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге және өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат орналастыруға; 

2-1) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайларда, осындай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органды хабардар етуге; 

3) коллекторлық қызмет құпиясын сақтауға; 

3-1) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеуі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес борышкер-жеке тұлғаның берешегін реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға; 

4) айына бір реттен асырмай, борышкердің және (немесе) оның өкілінің жүгінуі бойынша, жүгіну алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, алынған құқықтар (талап етулер) бойынша негізгі борыштың, сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы туралы мәліметтерді жазбаша нысанда өтеусіз беруге; 

4-1) құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттік сатып алған банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешек толық өтелгеннен кейін ұсынылған борышкердің немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтеусіз негізде берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы жазбаша нысанда бір рет беруге; 

5) кредитордан, борышкерден және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттар мен ақпараттың сақталуын, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалардың дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге; 

6) өзінің интернет-ресурсына ие болуға; 

7) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға берген кезде борышкерден мұндай шартта көзделмеген өзге комиссиялар мен төлемдердің алынуына жол бермеуге; 

8) кредитор банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талап етулерді) басқаға берген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына, сондай-ақ бастапқы кредитор мен борышкер арасында жасасылған осындай шартқа қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға; 

9) қызметті автоматтандыру және берешекті есепке алу, сондай-ақ борышкермен өзара іс-қимыл жасасу процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеу үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға ие болуға; 

10) мемлекеттік кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға; 

11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілік ұсынуға; 

11-1) талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді өзінің тұрған жеріндегі мемлекеттік кіріс органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей ұсынуға; 

12) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға; 

13) коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары), басшы қызметкерлері, борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері туралы, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері туралы мәліметтер өзгерген жағдайларда уәкілетті органды осындай өзгерістер болған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге; 

14) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- немесе аудиотіркеуі бар бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және аудио- және (немесе) бейнежазба материалдарын борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасқан күннен бастап алты ай бойы сақтауға; 

15) уәкілетті органға оның сұрау салуы негізінде, оның ішінде борышкерлер мен кредиторлардың келіп түскен шағымдары бойынша мәліметтер, құжаттар мен аудио- және (немесе) бейнежазба (бар болған жағдайда) материалдарын беруге; 

16) борышкермен жеке кездесулер арқылы өзара іс-қимыл жасасу кезінде борышкердің тұрғылықты жері бойынша не тұрған жері, не тіркелген жері бойынша, не борышкердің тұрғылықты жері не тұрған жері немесе тіркелген жері болып табылатын елді мекені жайласқан облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдың немесе өкілдіктің болуын қамтамасыз етуге; 

16-1) борышкер-жеке тұлғаның және (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша оларды (оны) осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға; 

17) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде көрсетілген баптың талаптарын бұзған жұмыскердің өкілеттіктерін тоқтату бойынша, оның ішінде уәкілетті орган көрсетілген жұмыскерді шеттету туралы талап қойған жағдайда да шаралар қабылдауға, сондай-ақ босатылған жұмыскер туралы ақпаратты босату күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беруге; 

18) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтер ұсынуға; 

18-1) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға; 

19) осы Заңның 5-бабында көзделген коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi. 

2. Коллекторлық агенттіктер коллекторлық қызметке мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында өзінің қызметі туралы уәкілетті орган сұратқан ақпарат пен мәліметтерді береді.  

Коллекторлық агенттіктің ақпаратты бермеуі, уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты беруі, анық емес ақпаратты беруі, есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы, анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті не көрінеу анық емес мәліметтерді ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться