< Коллекторлық қызмет туралы

Ст. 3 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

Коллекторлық қызмет туралы
3-бап. Коллекторлық агенттік

1. Коллекторлық агенттік шаруашылық серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. 

2. Коллекторлық агенттіктің атауында мiндеттi түрде "коллекторлық агенттік" деген сөздер қамтылуға тиiс. Коллекторлық агенттіктің атауын қысқартуға жол берілмейді. 

Коллекторлық агенттіктің атауында "ұлттық" немесе "республикалық" немесе "орталық" деген сөздер кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде болмауға тиіс. 

Коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілмеген заңды тұлға коллекторлық қызметті жүзеге асыруға, өзін коллекторлық қызметпен айналысушы ретінде сипаттауға, сондай-ақ өз атауында "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді пайдалануға құқылы емес. 

2-1. Коллекторлық агенттік "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес басқа коллекторлық агенттікке үлестес болып табылмауға тиіс. 

3. Бірде-бір тұлға, егер ол: 

1) уәкілетті органға өзі туралы және осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін жеке тұлғалар, сол сияқты көрсетілген тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашпаса; 

2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса; 

3) құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы жұмыскері бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде осы коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса; 

4) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелсе, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса, коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызын дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете немесе бақылау жасай алмайды. 

4. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде толық төлеуге міндетті.  

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы тек Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен ғана қалыптастырылады. 

5. Коллекторлық агенттік банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған жағдайда банк омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеуге міндетті. 

Коллекторлық агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым жеке тұлғамен жасасқан микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған жағдайда микроқаржы омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеуге міндетті. 

Ескертпелер. 

1. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларын жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету деп басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның шешімдерін, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғаның немесе бірлесіп осындай тұлғалар болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі түсініледі. 

2. Осы Заңның мақсаттарында заңды тұлғаны бақылау (бақылау) деп заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі түсініледі. 

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2021 № 43-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 ...22
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда




Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка



Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены



Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться