Ст. 5 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ
Коллекторлық қызмет туралы
5-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидалары
1. Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен:
1) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлерінен телефон арқылы сөйлесулер;
2) жеке кездесулер;
3) жеке тұлғаға - борышкерге тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, заңды тұлғаға - борышкерге тұрған жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар;
4) ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дыбыстық және өзге де хабарлар жіберу тәсілімен;
5) Интернет желісі арқылы өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.
2. Коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы:
1) әрбір байланыс кезінде:
коллекторлық агенттіктің атауы;
коллекторлық агенттіктің тұрған жері;
борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;
кредитордың атауы туралы хабармен жүзеге асырылуға тиіс.
Осы тармақшада көзделмеген және коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпия болып табылмайтын өзге де ақпарат борышкерге оның талап етуі бойынша хабарланады;
2) егер борышкер коллекторлық агенттікке жеке жүгінген кезде осы тармақшада көрсетілген уақыт кезеңі шегінде коллекторлық агенттік ұсынғаннан өзгеше өзара іс-қимыл жасасу кезеңін айқындамаса, борышкердің тұрғылықты жерінің не тұрған жерінің не борышкердің тіркелген жерінің уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде;
3) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері немесе тіркелген жері бойынша немесе коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында жеке қарым-қатынас кезінде аптасына үш реттен асырмай және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен асырмай;
4) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша телефонмен сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт кезеңінде үш реттен асырмай;
5) борышкердің талап етуі бойынша, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, берешек мөлшерін растайтын құжатты және коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесін бере отырып;
6) өзара іс-қимыл процесін аудио- немесе аудиотіркеуі бар бейнетехника құралдарының көмегімен тіркей отырып;
7) кредитордан, борышкерден және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың, оның ішінде банк құпиясының, микрокредит беру құпиясының, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияның, борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын (бұзған) борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимылына қолданылмайды.
Ескертпе. Осы тармақтың мақсаттары үшін жұмыс күндері деп демалыс немесе мереке күндері (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) болып табылмайтын, дүйсенбі мен жұма аралығындағы апта күндері түсініледі.
3. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің талап етуі бойынша коллекторлық агенттік борышкерді және (немесе) оның өкілін осы Заңның 16-бабында көзделген құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға міндетті.
4. Борышкермен жасалған банктік қарыз (микрокредит) шартында борышкердің орналасқан жерін және (немесе) байланыс деректерін анықтау шарты болған кезде осындай мақсатта коллекторлық агенттіктің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған тұлға болып табылмайтын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасауына жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлық агенттік мынадай ақпаратты:
коллекторлық агенттіктің атауын;
коллекторлық агенттік жұмыскерінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымын;
борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) хабарлайды.
Коллекторлық агенттіктің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке тұлғамен өзара іс-қимылы осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар сақталған жағдайда, сондай-ақ, егер осы тұлға коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға келісім білдірген, оның ішінде ауызша келісім білдірген жағдайда жүзеге асырылады.
5. Коллекторлық агенттіктің коллекторлық қызметті жүзеге асыруы кезінде мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына:
1) борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимылдың осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге де тәсілдерін пайдалануға;
2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-1) алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) берешекті өтеу есебінен ақшаны (қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда), сондай-ақ өзге де мүлікті қабылдауға;
8) берешекті ақшадан басқа, өзге мүлікпен өтеуді талап етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредитордан және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған коммер циялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етуге тыйым салынады.
5-1. Коллекторлық агенттік жұмыскерінің борышкермен және (немесе) оның өкілімен, және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мынадай жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруына:
1) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және пайда болу негіздеріне қатысты жаңылыстыруына;
2) коллекторлық агенттік жұмыскерінің анық емес тегін және (немесе) атын, және (немесе) әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ жұмыс орны және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтерді хабарлауына;
3) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуына не осы тұлғалардың мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария етуіне;
4) коллекторлық агенттік жұмыскері өзара іс-қимыл жасасатын тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын, олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, сондай-ақ осы тұлғаға мүліктік және өзге де зиян келтіруге алып келетін құқыққа қайшы әрекеттер жасауына;
5) борышкерге және (немесе) оның өкіліне, және (немесе) үшінші тұлғаларға күш қолдану не олардың мүлкін жою немесе бүлдіру қатерін төндіру, қорлау, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы борышкерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мәжбүрлейтін қысым көрсетуіне тыйым салынады.
6. Осы баптың нормалары бұзылған жағдайда, коллекторлық агенттік өзі дербес немесе уәкілетті органның талабы бойынша жұмыскердің осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында және 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ақпарат беруге міндетті.
7. Осы баптың 1, 2, 4-тармақтарының, 5-тармағы 1) және 9) тармақшаларының, 5-1 және 6-тармақтарының талаптары коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оған және оның жұмыскерлеріне, сондай-ақ сервистік компанияларға қолданылады.
8. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Осы баптың 1-тармағының, 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші және бесінші абзацтарының, 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының, 5-1-тармағының талаптары банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитордың мүдделерін білдірген кезде коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қолданылады.
10. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттіктің жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастықты көздейтін шарттар жасасуына тыйым салынады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей