Ст. 61 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV
Бәсекелестiк туралы
61-бап. Тергеу жүргізу
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінде осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу туралы бұйрық шығарады.
1-1. Осы Заңның 13-бабының бұзылу нысанасына тергеп-тексеру жүргізілген кезде монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізу арқылы оған қатысты өтініш (шағым) берілген нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға құқылы. Бұл ретте, осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңінде де қолданылады.
2. Тергеу жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеу объектісінің атауы;
2) тергеу барысында анықталуға жататын мәселелер тізбесі және мән-жайлар тобы;
3) тергеудің басталу және аяқталу мерзімі;
4) монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.
3. Алып тасталды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган істі тергеуді екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмелері шығарылған күнінен бастап үш күн ішінде өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.
4-1. Монополияға қарсы орган тергеу басталғанға дейін тергеуді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
5. Монополияға қарсы орган тергеу барысында бірнеше тергеуді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеу жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10. N 178-IV, 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей