< О масс-медиа

Ст. 33 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.11.2024

О масс-медиа
33-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар

1. Гранттар мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан әрі – гранттар) отандық контентті дамытуға, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайтуға және қорғауға беріледі. 

Гранттар мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде: 

балаларға арналған контентті жасауға; 

өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға беріледі. 

2. Мемлекеттік тілдегі гранттардың көлемі гранттардың жалпы жылдық көлемінің үштен екісінен кем болмауға тиіс. 

3. Гранттар мынадай түрлерге бөлінеді:  

1) қысқа мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар; 

2) ұзақ мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар. 

4. Гранттар конкурстық іріктеу негізінде беріледі.  

Гранттарға арналған конкурсты уәкілетті орган жариялайды және хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады. 

5. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарына сәйкес гранттардың тақырыптық бағыттары мен көлемдерін бекітеді және олар белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясында қаралуға тиіс. 

6. Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бірыңғай медиаплатформада жүзеге асырылады. 

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес гранттар беру және оларды іске асыру рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді. 

7. Тәуелсіз сараптама комиссиясы тиісті біліктілігі бар сарапшылардан тұрады. 

Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді. 

Уәкілетті орган жанындағы гранттар бөлу жөніндегі комиссия тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен гранттар беру туралы шешім қабылдайды. 

8. Осы баптың күші "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелетін, гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды. 

9. Уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттері шегінде гранттардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады. 

10. Гранттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Гранттар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, грант беруге және оның іске асырылуына арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен оларды іске асырудың бүкіл мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге пайдаланылады. 

11. Гранттар шеңберінде жасалған өнімге айрықша авторлық құқық және сабақтас құқықтар бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі. 

5-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРМЕН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...70
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.



Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.



Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные



Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные



Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться