Ст. 32 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
32-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі комиссия
1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия құрылады. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын бекіту;
2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
3) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға және өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
4) республикалық деңгейде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың тақырыптық бағыттарын және олар бойынша қаржыландыру көлемдерін айқындау және бекіту;
5) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірін құрайтын арақатынас негізінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылады.
3. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанынан мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылады.
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға және өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау;
2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қарауына және ұсынымдар алу үшін жіберу;
3) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей