Ст. 12 Астана халықаралық қаржы орталығы туралы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ
Астана халықаралық қаржы орталығы туралы
12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті
1. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. 2. Комитеттің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Орталықтың әкімшілігі арқылы Комитет алған нысаналы аударым Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті:
1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Орталықтың органдары актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Орталықтың тиісті актілерін қабылдауға жауапты органға ұсынады;
2) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;
3) Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;
4) Орталық қатысушыларының тізілімін жүргізеді;
5) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты шаралар қабылдайды;
5-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы актілерді әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және оларды қабылдайды, сондай-ақ Орталық қатысушыларының оларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
6) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей