< Халықтың көшi-қоны туралы

Ст. 36-1 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Халықтың көшi-қоны туралы
36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота

1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілейді. 

2. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру туралы нормалары: 

1) дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Қорында" басшылар және жоғары білімі бар мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін; 

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен расталған құжаттармен мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін; 

3) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарды жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсіптер тізбесіне және сандарына сәйкес басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ білікті жұмысшылар ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (оның ішінде іздестіру және жобалау қызметі, инжинирингтік қызметтер) саласында көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін; 

4) құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ аталған арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік орталық органдардың өкілдерінен тұратын комиссия айқындайтын санаттар мен сандар тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;  

5) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген; 

6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; 

7) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін; 

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде көзделген; 

9) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде немесе "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. 

3. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. 

4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшіне пайыздық қатынаста белгіленеді және ол: 

1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны; 

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны; 

3) еңбек мигранттарын тартуға арналған квотаны қамтиды. 

5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырады және белгілейді. 

6. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданысының тоқтатылуына байланысты тартылатын шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етеді. 

7. Жұмыс беруші өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде тартылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) олармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. 

Ескерту. Заң 36-1-баппен толықтырылды – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...35 36 36‑1 37 37‑2 ...63
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться