< Микроқаржы ұйымдары туралы

Ст. 14 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар

1. Заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды. 

1-1. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға уәкілетті органды, қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды өзінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы осы тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабардар етеді. 

2. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уәкілетті органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының орналасқан жерін өзгерту жағдайларында жүзеге асырылады. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сай келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не орналасқан жерін өзгертумен байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді. 

3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден уәжді бас тартуды береді. 

4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс. 

5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады. 

Мынадай: 

1) жоғары білімі жоқ; 

2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;  

3) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) – заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. 

Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады; 

4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады; 

5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған; 

6) қатарынан төрт және одан көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын, бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – эмитент-заңды тұлғаның басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады. 

5-1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымы атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды. 

Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс. 

Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды. 

6. Мынадай: 

1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылатын; 

2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар; 

3) уәкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұдан бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылатын; 

4) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылатын тұлға микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды. 

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (04.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 14‑1 15 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться