Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Микроқаржы ұйымдары туралы
15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері

Ескерту. 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту: 

1) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген; 

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

3) егер микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу туралы өтініш жасамаған; 

4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында, 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған; 

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

6) осы Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған; 

7) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш беру үшін осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайларда жүргізіледі. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту алынған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін лицензия алуға өтініш пен өзге де құжаттарды қайта ұсынуға құқылы. 

Қайта ұсынылған өтініш пен өзге де құжаттар отыз жұмыс күні ішінде қаралады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. 

Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға не таратуға жатады. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 14‑1 15 16 17 ...32

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться