Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14-1 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін – филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы. 

2. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы немесе өкілдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың құрылғаны туралы уәкілетті органды: 

1) филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін; 

2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы; 

3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 

4) филиалдың үй-жайы орналасқан мекенжай көрсетілген филиалдың үй-жайлары туралы мәліметтерді (бар болса) қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті. 

3. Микроқаржы ұйымы филиалының микроқаржы ұйымымен бірыңғай балансы және микроқаржы ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады. 

Микроқаржы ұйымының филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы. 

Микроқаржы ұйымының астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналасқан филиалы бірнеше мекенжай бойынша: 

астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада; 

астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы. 

4. Микроқаржы ұйымының өкілдігі микроқаржы ұйымының атынан және тапсыруы бойынша әрекет етеді және микроқаржылық қызметті жүзеге асырмайды. 

5. Филиал "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннің немесе микроқаржы ұйымының тиісті органы микроқаржы ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы микроқаржы ұйымының филиалдар құруының, жұмыс істеп тұрған филиалдарының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады. 

6. Филиал, өкілдік туралы ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті. 

Филиал, өкілдік туралы ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. 

7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе микроқаржы ұйымы филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы уәкілетті органға микроқаржы ұйымы органының шешімінен микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайларын қамтитын үзінді көшірмені қоса бере отырып, қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті. 

8. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды микроқаржы ұйымы филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс. 

9. Уәкілетті орган осы баптың 2, 3, 4, 5 және 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда микроқаржы ұйымының филиалын не үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді. 

Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (04.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...13 14 14‑1 15 16 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться