< Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы

Ст. 10 Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы 2015 жылғы 15 маусымдағы № 320-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы
10-бап. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) құзыреті

1. Ұлттық контингентті бітімгершілік операцияға қатысуға жіберуді жоспарлайтын мемлекеттік органдар (ұйымдар):

1) егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында немесе мандатта өзгеше айқындалмаса, әскери және (немесе) азаматтық персоналды мүлікпен қамтамасыз етеді;

2) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарына сәйкес ұлттық контингентті бітімгершілік дайындықтан өтуге жібереді;

3) ұлттық контингентті бітімгершілік операция жүргізу орнына және кері қарай жібереді;

4) бітімгершілік операцияға қатысқан азаматтық персоналға осы Заңның 17-бабында көзделген жағдайларда және негіздерде біржолғы өтемақылар төлеуді жүзеге асырады.

2. Сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұлттық контингенттің бітімгершілік операцияға қатысуының сыртқы саяси орындылығы туралы ұсыныс енгізеді, келіссөздер жүргізеді, бітімгершілік қызмет мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұлттық контингентке сапар алдында, бітімгершілік операция жүргізу кезеңінде профилактикалық егулер, сондай-ақ бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін оңалту іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

4. Байланыс және көлік саласындағы уәкілетті орган ұлттық контингентін бітімгершілік операцияға қатысуға жіберу жоспарланған мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) қолжетімді байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге және ұлттық контингент пен жүктерді бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) және кері қарай тасымалдауға жәрдемдеседі.

5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган ұлттық контингент қатарындағы адам мертіккен, контузия алған, жарақаттанған, ауырған және қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуді ұйымдастырады. 
3-тарау. ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТТІ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ЖІБЕРУ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...25
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться