< ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы

Ст. 26-2 ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы
26-2-бап. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес

1. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) төралқаның жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Ұлттық кеңес өз қызметінде Ұлттық палата органдарынан тәуелсіз болады.

2. Ұлттық кеңестің құрамы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық холдингтердің, қор биржаларының, бейінді халықаралық институттардың, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы беделді халықаралық және ұлттық сарапшылардан қалыптастырылады.

3. Ұлттық кеңестің төрағасы мен мүшелері төралқаның шешімімен қайта сайлану мүмкіндігі беріліп, төрт жылдық мерзімге сайланады.

4. Ұлттық Кеңестің шешімдері Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы дауыс санының үштен екісін құрайтын білікті көпшілік дауыспен қабылданады.

Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырыстарын өткізу үшін кворум сайланған мүшелердің жалпы санының үштен екісін құрайды.

5. Ұлттық кеңес:

1) Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлейді;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін және корпоративтік басқарудың ұсынымдық сипаттағы өзге де стандарттарын әзірлейді және қабылдайды;

3) Ұлттық палата Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасайтын және Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту жөніндегі, оның ішінде қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі мен корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарын практикалық тұрғыдан іске асыру, корпоративтік басқару деңгейін бағалау жөніндегі шараларды көздейтін келісім негізінде корпоративтік басқару деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;

4) қазақстандық акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару практикасына жыл сайынғы шолуды дайындайды;

5) жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;

6) атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті жариялайды;

7) Ұлттық кеңес жұмысының қажетті қағидалары мен рәсімдерін айқындайды.

6. Ұлттық кеңестің қызметі туралы ақпарат, оған қоса ол қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі және корпоративтік басқарудың өзге де стандарттары Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жалпыға қолжетімді режимде орналастырылуға тиіс.

Ескерту. 26-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...26 26‑1 26‑2 27 28 ...33
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться