< Төлемдер және төлем жүйелері туралы

Ст. 26 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
26-бап. Орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері

Ескерту. 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – орталық депозитарий) клиент пен орталық депозитарийдің арасындағы: 

1) орталық депозитарийде ашылған клиенттің банктік шоты бойынша; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған клиенттің корреспонденттік шоты бойынша жасалған шарттың негізінде жүзеге асырады. 

2. Клиенттің орталық депозитарийде ашылған банктік шоты бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы қаржы құралдарымен мәмілені немесе орталық депозитарийдегі банктік шоттарының есебінде бар қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийдің төлем құжатын қалыптастыруы арқылы: 

1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың; 

2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының; 

3) егер ақша жөнелтуші клирингтік ұйымның бұйрығы негізінде орталық депозитарийге оның банктік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, клирингтік ұйымның клирингтік сессия қорытындылары бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 

3. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін немесе жүйелік маңызы бар төлем жүйесі арқылы қаржы құралдарына байланысты өзге де операцияларды тіркеу кезінде клиент жүйелік маңызы бар төлем жүйесінде орталық депозитарийдің төлем құжатын орындаған кезде жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторына не операциялық орталығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығаруға келісім береді. 

Орталық депозитарий жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес: 

1) егер клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығын жөнелтуші клиенттің қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, осындай бұйрықтың; 

2) егер ақша жөнелтуші сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені тіркеуге бұйрығының негізінде орталық депозитарийге оның корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару құқығын берген жағдайда, сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге бұйрығының; 

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар төлем жүйесіне қатысушыларға бағалы қағаздармен қамтамасыз ете отырып, банктік қарыз берген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы құралдарымен мәмілені (операцияны) тіркеуге біржақты бұйрығының негізінде төлем құжатын жібереді. 

Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...60
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться