Ст. 54 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
54-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау
1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндіріп алу туралы сот актісі, сондай-ақ сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы прокурор санкциялаған қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған көшірмесі, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады. 2. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап операциялық үш күн ішінде сотқа (сот орындаушысына) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қажетті мәліметтерді жіберуге міндетті.
3. Сот (сот орындаушысы) банктерден көрсетілген мәліметтерді алып, ақшаны өндіріп алу туралы сот актісін орындау жөніндегі міндет жүктелетін банкті (банктерді) айқындайды және мұндай банкке (банктерге) тиісті атқарушылық құжатты не соттың мөрімен куәландырылған көшірмесін қоса бере отырып, нұсқауды жібереді.
4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақшаны өндіріп алу жүргізілуге тиіс тұлғаның банктік шотында ақшаның бар екендігі туралы мәліметтер болса, онда сот орындаушысының тиісті атқарушылық құжат қоса берілген нұсқауы тікелей тиісті банкке орындау үшін беріледі.
5. Соттың (сот орындаушысының) жеке және заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың ағымдағы шоттарының бар екендігі және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратты талап етіп алдыруы, сондай-ақ борышкердің банктегі ақшасына тыйым салу қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10-тарау. ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН АЯҚТАУ
Лучшие юристы
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей