Ст. 15 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп
1. Күзетпен ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігі Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындарындағы ішкі тәртіптеме қағидаларын (бұдан әрі – Ішкі тәртіптеме қағидалары) бекітеді.
Ішкі тәртіп ережелерімен:
1) сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдап алу және камералар бойынша орналастыру;
2) жеке тінтуді, саусақтарының таңбасын алуды, суретке түсіруді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушылардың заттарын тексеруді жүргізу;
3) сезіктілер мен айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін алып қою;
4) сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету;
5) сезіктілер мен айыпталушылардың тамақ өнімдерін, сондай-ақ ең қажетті нәрселер мен басқа да өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
6) сезіктілер мен айыпталушылардың сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар алу және жіберу;
7) сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар, хаттар, ақша аударымдарын алу және жіберу;
8) сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жолдау;
9) сезіктілер мен айыпталушылардың діни жоралар жасауы;
10) айыпталушыларды еңбекке тарту;
11) сезіктілер мен айыпталушылардың отбасылық-құқықтық қатынастарға және азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы;
12) күдіктілер мен айыпталушылардың газеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу;
13) сезіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету;
14) сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайын серуенге шығарылуы;
15) сезіктілер мен айыпталушылардың осы Заңның 17-бабында аталған адамдармен жолығысуын өткізу;
16) сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталушылардың тергеу әрекеттері мен сот мәжілістеріне қатысуын қамтамасыз ету;
17) күзетте ұстау орындары әкімшілігі басшысының және ол уәкілдік берген адамдардың сезіктілер мен айыпталушыларды жеке қабылдауы;
18) күзетте ұстау орындарында қайтыс болған сезіктілер мен айыпталушылардың мәйіттерін беру;
19) сезiктiлер мен айыпталушыларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану;
20) сезiктiлер мен айыпталушыларды күзеттен босату тәртiбi белгiленедi.
2. Ішкі тәртіп ережелерінде сол сияқты сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарындағы мінез-құлық ережелері, тамақ өнімдерінің, ең қажетті заттардың, аяқ киімдердің, киім-кешектердің және сезіктілер мен айыпталушылар өзінде ұстап, сақтап, сәлемдемелермен, сәлем-сауқаттармен алуына болатын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып сатып ала алатын басқа да өнеркәсіп тауарларының тізбесі мен мөлшері белгіленеді, сондай-ақ сезіктілер мен айыпталушыларға белгіленген ақылы қызмет түрлерінің тізбесі көрсетіледі.
Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25; 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей