Ст. 16 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары
1. Сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;
3) күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдар оның аумағында болған уақыттарда өтініш жасауға;
4) қорғаушысымен жолығысуларға;
5) туыстарымен және осы Заңның 17-бабында аталған өзге де адамдармен жолығысуларға;
6) құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;
7) өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;
8) хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;
9) тегін тамақ алуға, материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;
10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін іс жүргізуге және өзге де іс-әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
11) күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;
12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;
13) күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;
14) Ішкі тәртіп ережелері және басқа сезіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен сезіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;
15) өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;
16) сәлемдемелер мен сәлем-сауқаттар алуға;
17) күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;
18) азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға;
19) заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың сондай-ақ:
1) ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;
2) некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысуға;
3) тергеу орнындағы дүкеннен (дүңгіршектен) не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;
4) газеттер мен журналдарға жазылуға және оларды алуға;
5) әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім-кешек алуға құқығы бар.
2-1. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандардың көрсететін қызметтерін пайдалануға құқығы бар.
3. Күзетте ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.
4. Сезіктілер мен айыпталушылардың жоғарыда аталған құқықтардан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары бар.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысу... Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған а... Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей