Ст. 24 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу
1. Сезіктілер мен айыпталушыларға салмағы почта ережелерінде көзделген нормалардан аспайтын сәлемдемелер мен сәлем-сауқатты мөлшерін шектемей алып тұруға рұқсат етіледі. 2. Сезіктілер мен айыпталушыларға күзетте ұстау орындарына келіп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына қосылады. Сезіктілер мен айыпталушылар күзетте ұстау орындары әкімшілігінің рұқсатымен өз қаражатынан туыстарына және өзге де адамдарға ақша аударымдарын жөнелте алады.
3. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайларда сезіктілер мен айыпталушылар үшін оларды қабылдай алады.
4. Сезіктілер мен айыпталушыларға адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс қаруы ретінде пайдаланылуы мүмкін не күзетте ұстаудың мақсатына кедергі келтіруге арналған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беруге тыйым салынады.
5. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін тексеруден жасырып қалу немесе сезіктілер мен айыпкерлерге беру, сондай-ақ белгіленген ережелерге қарамастан оларға кез келген нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін беру заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей