Ст. 30 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен тамақтандырудың көтеріңкі нормалары белгіленеді.
2. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушылардың күн сайынғы серуендерінің ұзақтығы екі сағаттан кем емес болып белгіленеді. Серуендеу кезінде кәмелетке толмағандарға дене жаттығулары мен спорт ойындары үшін мүмкіндік беріледі.
3. Жағдай болған кезде кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға кинофильмдер көрсетіледі, олар үшін телехабарлар көру ұйымдастырылады, спортпен шұғылдану және басқа да демалыстар үшін үй-жайлар, сондай-ақ ашық ауада спорт алаңдары жабдықталады.
4. Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушыларға оқулықтар мен мектеп-жазу құралдарын сатып алуға және алуға, сондай-ақ оларды осы Заңының 24-бабында көзделген нормалардан асатын сәлем-сауқаттар мен сәлемдемелер арқылы алуға рұқсат етіледі.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей