Ст. 32 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды камераларға орналастыру олардың жеке басы мен психологиялық сыйысымдылығы ескеріле отырып жүргізіледі. Темекі тартатындар мүмкіндігіне қарай темекі тартпайтындардан бөлек орналастырылады. 2. Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераға орналастырған кезде мынадай талаптардың сақталуы міндетті:
1) мыналар:
еркектер мен әйелдер;
кәмелетке толмағандар ұсталатын камерада құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылған оң мінезделетін ересектерді ұстау қажет болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандар мен ересектер;
алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылушы адамдар мен бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар;
өздеріне қатысты үкімдер заңды күшіне енген сотталғандардан сезіктілер, айыпталушылар;
бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше істер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бөлек ұсталады;
2) мыналар:
өте ауыр және ауыр қылмыстар жасалуына сезіктілер мен айыпталушылар;
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде сотталғандар;
басқа сезіктілерден, айыпталушылардан бөлек ұстауға жағдай болған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік кіріс органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің, Ұлттық ұланының, Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;
күзетте ұстау орны әкімшілігінің не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша өмірі мен денсаулығына басқа сезіктілер мен айыпталушылардың тарапынан қауіп төнген сезіктілер мен айыпталушылар;
жұқпалы аурулармен ауыратындар немесе айрықша медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер басқа сезіктілер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған а... Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 13-бап. Күзетте ұстау мерзімі Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 19-бап. Хат жазысуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей