Ст. 32 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
32-бап. Камераларда бөлек орналастыру
1. Сезіктілер мен айыпталушыларды камераларға орналастыру олардың жеке басы мен психологиялық сыйысымдылығы ескеріле отырып жүргізіледі. Темекі тартатындар мүмкіндігіне қарай темекі тартпайтындардан бөлек орналастырылады. 2. Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераға орналастырған кезде мынадай талаптардың сақталуы міндетті:
1) мыналар:
еркектер мен әйелдер;
кәмелетке толмағандар ұсталатын камерада құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылған оң мінезделетін ересектерді ұстау қажет болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандар мен ересектер;
алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылушы адамдар мен бұрын бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдар;
өздеріне қатысты үкімдер заңды күшіне енген сотталғандардан сезіктілер, айыпталушылар;
бір қылмыстық іс бойынша немесе өзара байланысты бірнеше істер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бөлек ұсталады;
2) мыналар:
өте ауыр және ауыр қылмыстар жасалуына сезіктілер мен айыпталушылар;
қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде сотталғандар;
басқа сезіктілерден, айыпталушылардан бөлек ұстауға жағдай болған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
судьялар, адвокаттар, әділет органдарының қызметкерлері, ішкі істер, прокуратура, салық, қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік кіріс органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің, кеден органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы ішкі әскерлерінің, Ұлттық ұланының, Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар;
күзетте ұстау орны әкімшілігінің не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша шешімі бойынша өмірі мен денсаулығына басқа сезіктілер мен айыпталушылардың тарапынан қауіп төнген сезіктілер мен айыпталушылар;
жұқпалы аурулармен ауыратындар немесе айрықша медициналық күтім мен бақылауды қажет ететіндер басқа сезіктілер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей